8:30 бастап 18:30 дейін
Астана уақыты бойынша қоңырау шалыңыз
Біздің «Marden Realty» басқарушы компаниясында жаңа лауазым пайда болды – операциялық үрдістер және сапаны бақылау бойынша менеджер. Компания жапониялық «Кайдзен» үнемді өндіріс философиясы бойынша жұмыс істейтіндіктен және қызметкерлердің жұмыс үрдістерін жақсартумен үздіксіз айналысатындықтан мұндай маманды тарту аса қажет болды. Бұл лауазымның ерекшеліктері туралы толығырақ білу үшін әріптесіміз Ләззәт Мұнашеваға бірнеше сұрақтар қойдым.
– Ләззәт, операциялық үрдістер және сапаны бақылау бойынша менеджер лауазымыңыз туралып айтып берсеңіз.
– Мен операциялық үрдістер және сапаны бақылау бойынша менеджер болып жұмыс істегеніме жарты жыл болды және осы уақытта «Алма-Ата» Іскерлік Үйі» бизнес-орталығының басшысы Балташ Түйтебаевпен бірлесіп компанияның жұмыс үрдістерін зерттеп, орнына қойдық. Сонымен қоса осы уақыт ішінде өзіміздің үш бөлімшенің жұмыс үрдістерінің сапалы орындалуына бақылау жүргізіп келемін, қызметкерлердің жұмыс үрдісіне кедергі келтіретін қандай-да бір операция істен шыққан жағдайда аталған мәселені зерттеп, үрдісті жақсартуға күш жұмсаймын. Менің міндетім – өзара қарым-қатынастардың және басқарудың оңтайлы үйлесімін құру болып табылады.
– Стандарттарды әзірлеуден оларды қызметкерлердің жұмысына енгізуге дейінгі үрдісті сипаттап берсеңіз.
– Үрдіс әріптестермен сұхбат жүргізуден және сол сәттегі бөлімдердің операцияларын зерттеуден басталады. Осыдан кейін бөлімше бастықтарымен бірлесіп үрдістерді орнату басталады, біз қызметкерлердің жұмыс стандарттарына өзгерістер мен толықтырулар енгіземіз. Кейінірек операцияларды бекітеміз, компанияның үрдістерін көзге көрінімді етеміз және бөлімшелердің жұмыс нәтижелерін бақылап отырамыз. Сонымен қатар қызметкерлер жұмысының сапасын үнемі бақылап отырамын, бұл мәселелерді дер кезінде шешу үшін қажетті шара.
– Қанша стандатты жақсартып үлгердіңіздер?
– Клининг бөлімінің бастығы Дәурен Сартаевпен бірлесіп әрбір жалдаушы үшін жекелей кеңселерді тазалау технологиясын дайындадық, өйткені «Алма-Ата» Іскерлік Үйі» бизнес-орталығында сұлулық салонына, фитнес орталыққа, дәмханаға және т.с.с. арналған бөлмелерді жалға алады. Стандарттар жалдаушылардың барлық ерекшеліктері мен талғамдарын ескере отырып дайындалды. Сонымен қатар бүкіл бизнес-орталықты тазалаудың технологиясын әзірледік және біз клининг операторларының жұмысына енгіздік. Бұл клининг операторларының жауапкершілік аймақтары белгіленген карта, шынымен жабылған және кілеммен қапталған жерлер белгіленген. Технологиялық картаның арқасында тазаланатын ауданды клининг операторлары арасында теңдей бөлдік, осылайша уақыт шығынын қысқарттық және ғимаратты тазалау сапасын арттырдық. Қазір мен қызмет көрсету бөлімінің стандарттарын жақсартумен айналысудамын. Осылайша, кішкене адымдармен біз «Marden Realty» басқарушы компаниясының мақсаттарына қол жеткізіп келеміз.
Сұхбатты дайындаған Әсел Қайырбекова
БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕМІЗ