Бұл — өте маңызды кездесу болды. Біз тек бір-бірімізбен танысу үшін ғана емес, компаниямыздың бүгінгісі мен болашағын талқылау үшін жиналдық.
Екі күн ішінде біз көп тақырыпты қозғадық: өткен жолымызды, мақсаттарымыз бен перспективаларымызды, алдында тұрған қиындықтар мен мәселелерді, сондай-ақ компаниямыздың басты күші болып табылатын ұжымымыздың жетістіктерін талқыладық.
Біз жұмыс үдерістерін ашық талқылап, өзекті мәселелерді көтердік, тәжірибе алмастық, ортақ шешімдер таптық. Әрбір тақырыптың артында ең басты құндылығымыз — команда тұрды.
Форумның екінші күнін біз қала сыртында өткіздік — еркін, бейресми атмосферада. Бірге ойнадық, би биледік, еркін әңгімелестік. Бұл — ұжымды одан әрі жақындатқан, жылы қарым-қатынас орнатқан, достықты нығайтқан сәттер болды.
MardenForum көрсеткендей, бізде мықты команда бар, ортақ құндылықтар мен айқын бағыт бар.
Бұл — жаңа дәстүрдің бастауы ғана. Осы екі күнге атсалысқан әріптестерге алғыс айтамыз. Бірге біз көп нәрсеге қол жеткіземіз!
БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕМІЗ