8:30 бастап 18:30 дейін
Астана уақыты бойынша қоңырау шалыңыз
Корпоративтік мәдениеттің бизнестің тиімділігіне әсерін бағалау үшін өлшегіштердің маңызы зор. Бұл үшін компания үшін қолайлы кез-келген басқару жүйесі, оның элементтері жұмыс істеуі керек, мысалы: мақсаттар бойынша басқару, теңдестірілген көрсеткіштер жүйесі, тиімділікті басқару жүйелері, қызмет көрсеткіштері (KPI), стратегиялық жоспарлау жүйесі, немесе, тым болмаса ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді мақсаттар, жобаларды басқару жүйесі.
Егер компанияда басқарудың белгілі бір үлгісі жоқ болса, онда қандай-да бір басқару үлгісін енгізудің өзі нәтижеге бағытталған мәдениетті қалыптастыру үрдісі болып табылады. Әдетте, басқару технологиясы енгізілмеген жерде мәдениет нәтижемен байланыспаған, мәдениетті басқару шараларды өткізумен ғана шектеледі. Ал мақсаттар, нәтижелер, жетістіктер, жетістіктер негізінде ынталандыру арасындағы байланыс жұмысқа деген мәдениетті қалыптастыратын негіз болып табылады.
Көп жағдайда басшылық компания тиімділігінің көрсеткіштерінің мәдениетпен байланысын бағалай бермейді. Яғни, өмір өз арнасымен өтіп жатыр, нәтижелер өз бетінше, мәдениет өз алдына. Мәдениеттің нәтижеге әсерін басшылар «адамдар – бұл біздің басты ресурсымыз» ұранынан жетістіктің негізгі іргетасы жұмысқа деген көзқараста екенін ұғынғанда ғана барып түсінеді. Басқаша айтсақ – корпоративтік мәдениетті басқару ресурсқа айналады.
Астана қ. кеңселерді жалға беру саласында нарықтық құлдырауы және бәсекелестіктің өсуі тенденциясы байқалады. Осындай жағдайларда корпоративтік мәдениет – тек басқарушы компанияның ғана емес, сондай-ақ бизнес-орталықтың да бәсекелестік басымдылығы болып табылады.
Сіздердің назарларыңызға «Marden Property» басқарушы компаниясының директорының орынбасары Бүркітбаева Айнұрдың дайындаған «Корпоративтік мәдениет және бизнестің тиімділігі» тақырыбындағы таныстыруды ұсынамыз.
БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕМІЗ