Ваш город:

БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕМІЗ

Жалға алу жөніндегі Call орталығы

+7 707 278 78 78

8:30 бастап 18:30 дейін
Астана уақыты бойынша қоңырау шалыңыз

«Marden Property» компаниясының Осака қ. жыл сайынғы «3S Саммитіне» қатысуы

d07391a080acf3c3d647a522ecad775d.jpg

«MardenProperty» басқарушы компаниясының электрмен қамтамасыз ету бойынша инженері Саят Темірбековтің сұхбаты.

Жапониялық менеджмент жүйесі бүкіл әлем бойынша ең тиімді деп мойындалған, сол себепті «MardenProperty» басқарушы компаниясының директоры Жұлдыз Кәкенов төрт жыл бұрын жапониялық «Кайдзен» үнемді өндіріс философиясы бойынша жұмыс істеу керек деп шешім қабылады. Қараша айында электрмен қамтамасыз ету бойынша инженеріміз Саят Темірбеков жапониялық компаниялардың «Кайдзенді» пайдалану саласындағы тәжірибелерімег және жетістіктерімен бөлісетін жыл сайынғы «5S» самитіне қатысу үшін Жапонияға барып қайтты. Осы сапармен жан-жақты танысу үшін мен өз әріптесім Саятпен сұхбат жүргізуге бел будым.

– Сіз Жапонияда болғанда көптеген жылдар бойына «Кайдзенді» енгізіп, қолданып келе жатқан зауыттарға фабрикаларға және компанияларға бардыңыз. Солар туралы айтып кетсеңіз.

– Менің есімде «Yamada Manufacturing» қалып қойды. Ол 1954 жылы құрылған, «Кайдзенді» Фотосурет Жапония 475 1999 жылдан бастап енгізе бастаған. Кәсіпорында керемет «5S», бүкіл зауыт бойынша жұмыс істеу стандарттары ілініп қойған. «5S» – бұл жұмыс орнын ұйымдастыру және оңтайландыру жүйесі, «Кайдзен» үнемді өндірісі құралдарының бірі. «Marden Property» компаниясындағы секілді «Yamada Manufacturing» компаниясында да жұмысшыларды нәтижеге қарай ынталандыратын бонустық жүйесі бар. «Yamaoka Seisakusho» зауыты да ұнады, оларда «5S» бойынша тұтас бір комитет құрылған және оны компанияның жетекшілері: директорлар мен өндірістік директорлар басқарады. Зауыттағы бүкіл жиһаз бен құралдар доңғалақты, бұл өз жұмыс кеңістігінн үнемі жақсартып отыруға мүмкіндік береді. Сол сияқты, «Маэда-Гумми» құрылыс компаниясы туралы айтпай кеткенім болмас. Бұл компания жұмысшыларының жұмыс күні аумақты және кеңселерді жинастырудан басталады, содан кейін олар таңғы жаттығулар жасап, өз жұмыстарына кіріседі. Фотосурет Жапония 451 Олардың энергияны үнемдеу технологиясын белсенді қолданатыны, жаңа қызметкерлерді университеттерден таңдау жүргізетіні ұнады. Әрбір компанияның өз стандарттары, жұмысқа деген өз көзқарастары бар, алайда олардың барлығын жапониялық «Кайдзен» үнемді өндіріс философиясын ұстанатыны біріктіреді.

– Саят, біз Сіздің жаңа идеялармен және ұсыныстармен келгеніңізді білемін. Жұмысымызда қандай жақсылықтар күтіп тұрғанын айтып өтсеңіз.

– Ең алдымен біз «Алма-Ата» Іскерлік Үйі» бизнес-орталығы жалдаушыларының өтініштерін орындау барысындағы қызмет көрсету бөлімінің шығындарын азайтамыз.

Бұл үшін қызметкерлердің карталарын жүргізу, өтініштерді қабылдау және өткізуді оңтайландыру керек. Екіншіден, біз ғимаратымыздағы бүкіл құралдар мен құрылғыларды профилактикалық тексеруден өткіземіз. Үшіншіден, операциялық үрдістер және сапаны бақылау бойынша менеджермен бірлесіп өзіміздің ұйым ішінде сапаны бақылауды енгіземіз, TQC бойынша шаралар жоспарын дайындаймыз. Фотосурет Жапония 441 TQC негізгі міндеттеріне өнімді құрастыру кезеңіндегі әлеуетті сәйкессіздіктерді жою, жеткізілетін өнімнің, толымдаушы материалдардың сапасын тексеру, сондай-ақ өндірісті басқару, қызмет көрсетуді дамыту және берілген сапа талаптарына сәйкестікті бақылау кіреді. Ең соңында біз біздің «Marden Property» басқарушы компаниясының жұмысшыларының «Кайдзен ой-пікірін» дамытамыз, бұл үшін «Кайдзенді» оқыту бойынша көбірек семинарлар өткізетін боламыз.

Өз тәжірибесінде «Marden Property» басқарушы компаниясы жапониялық «Кайдзен» үнемді өндіріс философиясы шығындарды төмендету тұрғысынан да, қосымша табыс табу тұрғысынан да өте тиімді екеніне көз жеткізді. Сонымен қатар біз қызметкерлердің адалдығына және өз ісіне берілгендігіне қол жеткіздік.

Сұхбатты дайындаған Әсел Қайырбекова

Оставьте ваш номер телефона, и мы перезвоним вам.

+7